Мектебімізде «Күзгі асар – 2025» күзгі өнімдер жәрмеңкесі өтті. Мақсаты — оқушыларды еңбекке баулу, достықты насихаттау, жауапкершілікке тәрбиелеу, күздің молшылық пен береке айы екенін түсіндіру.
Аталмыш шараны барлық оқушылар мен сынып жетекшілері бірге ұйымдастырды.
Шараға мектеп директоры Р. Дитц ұстаздар және оқушылар қатысты.
Мектепішілік жәрмеңкеде жеміс-жидектер, көкөніс өнімдері және түрлі тағамдар сатылымға шықты. Көкөністердің сұрыптары аталып, тиімді бағада тұтынушыларға ұсынылды.









