|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ы.Алтынсарина" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Новости
|
7
Қазан
2025
|
Жаңа 2025-2026 оқу жылымен барлық оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылында жетістігіміз мол болсын, оқушыларымыз биік белестен көрінсін!

|
5
Маусым
2024
|
|
24
Тамыз
2023
|

|
24
Тамыз
2023
|
Жаңа оқу жылы қарсаңында 2023 жылдың 1 тамызында жыл сайынғы "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы басталады. Акция "Мектепке жол-Жақсылықты жаса" ұранымен өтеді. Акция мектеп оқушыларына - аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға барлық қажетті көмекті көрсетуге арналған. Кез келген адам балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесе алады. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады: еріктілер, кәсіпкерлер.
Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады. Айта кетейік, “Мектепке жол" акциясы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіледі."Мектепке жол" акциясына қатысу үшін білім беру ұйымының әкімшілігіне хабарласу қажет.
Мектеп директоры Дитц Руслан Яковлевич 87788320900
|
24
Тамыз
2023
|

Құрметті оқушылар!
Сіздерді әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы – Абай күнімен құттықтаймыз!
Абайдың шығармашылық мұрасын бүкіл әлем мойындады. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылды. Ұлы қазақ ақынының мұрасы - әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі, ал оның есімі барлық халықтардың ұлы ақындарымен бір қатарда тұр.
Ұлы ақын және қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда дүние келген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы қаулысымен, 10 тамыз Абай күні деп жарияланды.







