Тәрбие жоспары негізінде 5-9 сынып арасында "Қазақтың текті қыраны-Талғат Бигелдинов" атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Ұлы Жеңісті дәріптеу. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған ұшқыш жауынгер Талғат Бигелдиновтың ерлік істері туралы әңгімелей отырып, өмір жолын, ерлігін танытып және үлгі-өнеге тұту.
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ы.Алтынсарина" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ы.Алтынсарина" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области
Мектеп туралы
10 қараша 1975 екінші тоқсанға бірінші рет кірді жоғары сынып оқушылары 9-10 сынып оқушылары.
Бірінші директор Ислямов Темірболат Ислямович (1975-1978) болды, бұл директордың қатаңдығы мен принциптілігі ұжымның көптеген көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етті.
Іздеуді оқып-үйрену
Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс–әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана–сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс- тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту – таным процесі. Танымдық ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.
Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан–жақты жетілуін түйістіреді.
Тәрбие жұмысы
«ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ» жобасы
жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу жүйесі болып табылады.
Құндылық дегеніміз біздің ойымыз бен мінез-құлқымызды басшылыққа алатын принцип.
Бұл жоба мектептің тәрбие жүйесін жүйелендіруге бағытталған.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР жүйесі мектебіміздегі тәрбие үрдісін толыққанды қамтиды және тәрбие жүйесін жүйелендіруге көмектеседі.