Жалпы ақпарат:
Қазіргі уақытта көпқабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сәбилердің терезеден құлау жағдайларының жиілеуіне байланысты өзекті болып қала берудеі. Бұл әсіресе 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Жазатайым оқиғалардың себебі-ата-аналардың, ересек туыстардың жауапсыз қарым-қатынасы.
Ата-ана міндеттеріне немқұрайлы қарау ата-аналардың балаларға ашық терезеден құлап кету қаупін түсіндірмеуінен, терезеге тор орнату, ашу тұтқаларын бұғаттау сияқты шараларды қолданбауынан көрінеді.
Сондықтан ұсынылып отырған акция мектепке дейінгі, мектептегі, мектептен тыс білім беру ұйымдарында ата-аналар жиналысы, ертеңгіліктер, сыныптан тыс жұмыстар түрінде ересектер мен балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Ақпараттық науқанның мақсаты:
балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың терезеден құлап кету нәтижесінде болуы мүмкін қайғылы салдарлар туралы ата-аналардың назарын қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.
Ақпараттық науқанның міндеттері:
ересектер мен балаларды қоса алғанда:
балалардың көпқабатты үйлердің ашық терезелеріне шектеусіз қол жеткізуінің қауіптілігі туралы;
балалардың өмірі мен денсаулығы үшін ата-аналардың жауапкершілігі туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыру.
Өткізу мерзімі:
2023 жылғы 3 мен 14 сәуір
Іс-шараны өткізу географиясы:
Науқанның ұраны:«Тыңдалуға құқық»
Ақпараттық науқанның нысаналы топтары:
ата-аналар (заңды өкілдер), балалар
Ы. Алтынсарин атындағы ЖББМ науқан аясында 3-14 сәуір аралығында жоспар құрылды. Жоспар асянда ата-аналарға арналған жиналыс (қамтылған ата-аналар саны-33), ата-аналар мен балаларға арналған жадынамалар таратылды. 1-10 сынып оқушыларына аранлған «Балаларды терезеден құлаудан қорғаңыздар!» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттар барысында оқушыларға «Сақтық шараларды қорғау» бойынша бейне жазбалар көрсетілді. Мектеп фойесінде «Қауіпсіз терезе» атты ақпараттық қабырға газеті ілінді. Мектептің әлеуметтік желісі арқылы балалардың терезеден құлауды алдын-алу мақсатында бейне жазбалар жарияланды. Науқан барысынды 5,6 сынып оқушыларының және мектеп тәлімгерінің осы науқанға назар аудару мақсатында 0-4 сынып оқушылары флэшмоб биледі.