|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беру мектебі" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа имени Ы.Алтынсарина" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Главная
|
24
Тамыз
2023
|

Құрметті оқушылар!
Сіздерді әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы – Абай күнімен құттықтаймыз!
Абайдың шығармашылық мұрасын бүкіл әлем мойындады. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылды. Ұлы қазақ ақынының мұрасы - әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі, ал оның есімі барлық халықтардың ұлы ақындарымен бір қатарда тұр.
Ұлы ақын және қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда дүние келген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы қаулысымен, 10 тамыз Абай күні деп жарияланды.
|
24
Тамыз
2023
|
6 шілде - Астана күніне орай мектебіміздің оқушылары Астана қаласын ата-аналар есебінен экскурсияға барды. Экскурсия барысында оқушылар Байтерек, " Айлан" ойын-сауық орталықтарына барды. Өздерінің алған әсерлерін сыныптастарымен бөлісті.
|
24
Тамыз
2023
|
6 шілде - Астана күніне орай мектебіміздің 1-4 сынып оқушылары " Қазақстан жүрегі - Астана" атты сурет көрмесін ұйымдастырды.
|
21
Маусым
2023
|
9а, 9б сынып оқушыларына негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын бітіргені туралы аттестат берілді.

|
18
Сәуір
2023
|
Тәрбие жоспары негізінде 5-9 сынып арасында "Қазақтың текті қыраны-Талғат Бигелдинов" атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Ұлы Жеңісті дәріптеу. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған ұшқыш жауынгер Талғат Бигелдиновтың ерлік істері туралы әңгімелей отырып, өмір жолын, ерлігін танытып және үлгі-өнеге тұту.


Жалпы ақпарат:
Қазіргі уақытта көпқабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сәбилердің терезеден құлау жағдайларының жиілеуіне байланысты өзекті болып қала берудеі. Бұл әсіресе 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Жазатайым оқиғалардың себебі-ата-аналардың, ересек туыстардың жауапсыз қарым-қатынасы.
Ата-ана міндеттеріне немқұрайлы қарау ата-аналардың балаларға ашық терезеден құлап кету қаупін түсіндірмеуінен, терезеге тор орнату, ашу тұтқаларын бұғаттау сияқты шараларды қолданбауынан көрінеді.
Сондықтан ұсынылып отырған акция мектепке дейінгі, мектептегі, мектептен тыс білім беру ұйымдарында ата-аналар жиналысы, ертеңгіліктер, сыныптан тыс жұмыстар түрінде ересектер мен балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы ықтимал қайғылы жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Ақпараттық науқанның мақсаты:
балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, балалардың терезеден құлап кету нәтижесінде болуы мүмкін қайғылы салдарлар туралы ата-аналардың назарын қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.
Ақпараттық науқанның міндеттері:
ересектер мен балаларды қоса алғанда:
балалардың көпқабатты үйлердің ашық терезелеріне шектеусіз қол жеткізуінің қауіптілігі туралы;
балалардың өмірі мен денсаулығы үшін ата-аналардың жауапкершілігі туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыру.
Өткізу мерзімі:
2023 жылғы 3 мен 14 сәуір
Іс-шараны өткізу географиясы:
Науқанның ұраны:«Тыңдалуға құқық»
Ақпараттық науқанның нысаналы топтары:
ата-аналар (заңды өкілдер), балалар
Ы. Алтынсарин атындағы ЖББМ науқан аясында 3-14 сәуір аралығында жоспар құрылды. Жоспар асянда ата-аналарға арналған жиналыс (қамтылған ата-аналар саны-33), ата-аналар мен балаларға арналған жадынамалар таратылды. 1-10 сынып оқушыларына аранлған «Балаларды терезеден құлаудан қорғаңыздар!» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттар барысында оқушыларға «Сақтық шараларды қорғау» бойынша бейне жазбалар көрсетілді. Мектеп фойесінде «Қауіпсіз терезе» атты ақпараттық қабырға газеті ілінді. Мектептің әлеуметтік желісі арқылы балалардың терезеден құлауды алдын-алу мақсатында бейне жазбалар жарияланды. Науқан барысынды 5,6 сынып оқушыларының және мектеп тәлімгерінің осы науқанға назар аудару мақсатында 0-4 сынып оқушылары флэшмоб биледі.
|
1
Наурыз
2023
|
Ағымдығы жылдың ақпан айында мектептің тәрбие жоспары негізінде «Салауатты өмір салтын сақтау» жобасы аясында «Отбасылық эстафеталық ойындар» атты спорттық ойындардан жарыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Отбасы мен оқушылар арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Жарыс барысында 1- 4 сыныптар арасындағы 1 орынды Егеубаевтар отбасысы, 2 орынды Вороновтар отбасысы, 3 орынды Райсбек отбасысы иеленді. 5-10 сыныптар арасында 1 орынды – Вороновтар отбасысы, 2 орынды-Камел отбасысы, 3 орынды –Магзумовтар отбасысы иеленді.
|
12
Шілде
2022
|
Жазғы демалыстар балалардың бос уақытының жылдық көлемінің едәуір бөлігін құрайды, сондықтан олар үшін жаз - бір жыл ішінде жинақталған шиеленісті бәсеңдету, жұмсалған күштерді толықтыру, денсаулықты қалпына келтіру, шығармашылық әлеуетті дамыту, жеке мүмкіндіктерін жақсарту.
Жазғы бағдарламаны жүзеге асыруда шатырлы лагерь ерекше орын алды. 5 шілдеден бастап Ақтоғай ауданы Жалаулы орта мектебінің педагогтары оқушыларға арналған жазғы бағдарламаға сәйкес "Батыр" атты шатырлы лагерін ұйымдастырды. Шатырлы лагерь бағдарламасы өз бағыты бойынша әртүрлі іс - шараларды қамтиды, әртүрлі патриоттық және спорттық бағыттарды, сауықтыруды, демалуды және балаларды тәрбиелеуді біріктіреді. Балалар үлкен ықыласпен шатырлар орнатты.






